Басты Жаңалықтар Гондурас жағалауында 7,6 балдық жер сілкінісі болды

Гондурас жағалауында 7,6 балдық жер сілкінісі болды

Бұл турасында АҚШ-тың геологиялық қызметі хабарлап отыр. Соңғы мәліметтерге  сүйенсек, дүмпу ошағы Барра-Патука елді мекенінің солтүстік-шығысына  қарай шамамен 200 шақырым қашықтықта анықталған.

Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жергілікті сейсмологтардың хабарлауынша, алдағы  күндері теңізде толқындар 1 метрге жетіп, цунами көтерілуі ықтимал.

Кейбір деректерге қарағанда, осындай дүмпулер Мексиканың Кинтана-Роо штатында да байқалды.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Бөлісу