Қалың қардан Альпі тауларынан мыңдаған адам шыға алмай қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қалың қардан Альпі тауларынан мыңдаған адам шыға алмай қалды

10.01.2018

Альпі тауларында қалың қардың кесірінен мыңдаған адам шыға алмай тұрып қалды. Швейцарияның Церматт курортында 13 мың турист қонақ үйлерден шықпай отыруға мәжбүр. Кейбір аудандарға жауған қардың қалыңдығы 2 метрге дейін жеткен. Бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық дәреже болды. Қар көшкіні қаупінен шаңғы тебуге тыйым салынды.

Соңғы деректерге сүйенсек, туристердің кейбіреуін тікұшақпен алып кетуге тура келген. Сондай-ақ, Альпі тауларында бір 39 жастағы британдық турист жоғалды деген мәлімет бар. Күн райының қолайсыздығынан темір жол қатынасы да қиындап, көптеген пойыздар кешігіп жатыр. Жоспарланған жарыстар кейінге қалып, ұйымдастырушылар шығынға батса керек. 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу