Басты Жаңалықтар Испанияда боранға байланысты 10 мың студент оқуға бармады

Испанияда боранға байланысты 10 мың студент оқуға бармады

Испанияның солтүстік-батысына қалың қар түсіп, оқу орындары жабылып жатыр. Күн райының қолайсыздығынан, әсіресе, елдің Кастилия-Леон автономиялық аймағындағы Сеговия қаласы зардап шекті. Бүгін мұнда 10 мыңнан астам студент үйде отыруға мәжбүр. Соңғы деректерге сүйенсек, боран кесірінен мектеп автобустары жолға шыға алмай жатыр. Сондай-ақ, елдің 17 провинциясында температура күрт төмендеп, бұрқасын соққан. Жергілікті тұрғындар тас жолдардың жабылуына байланысты діттеген жеріне жете алмай әбігерге түсті. Қазір көшелерді қардан тазарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Бөлісу