Сирияның Идлиб провинциясындағы жойқын жарылыстан 18 адам қаза тапты
Сирияның Идлиб провинциясында жойқын жарылыс болып, 18 адам опат болды. Тағы ондағаны жараланған. Бұл туралы «Ассошиэйтед пресс» агенттігі хабарлап отыр. Соңғы деректер бойынша, жол бойында тұрған көлік ішіндегі бомба адамдар көптеп жиналған сәтте іске қосылған. Алдын ала болжамдарға қарағанда, бұл елдегі оппозицияға, яғни, Башар Асадты қолдамайтындарға қарсы жасалған болуы мүмкін. Істің мән-жайы анықталып жатыр.
Айта кетейік, Сириядағы азаматтық соғыстан былтырдың өзінде 40 мыңға жуық адам көз жұмды. Олардың 2 мыңнан астамы балалар деген мәлімет бар.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Бүркітші» көркем фильмі көрерменге жол тартты
10.09.2026, 10:12
«Тарифті инвестицияға айырбастаудың» жаңа бағдарламасы іске қосылды
10.09.2026, 10:06
Ақтөбеде қоғамдық орындарды ластағандар жауапқа тартылды
10.09.2026, 10:02
APPLE бүктелетін жаңа смартфондар ұсынды
10.09.2026, 10:01
Филиппин аралдарында паром өртеніп, 87 адам жоғалып кетті
10.09.2026, 10:00
Шымкентте қоғамдық көлікке қатысты шағым көбейді
10.09.2026, 10:00
Құрылтайдың жаңа жұмыс тәрітібі айқындалады
10.09.2026, 09:59
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
10.09.2026, 09:57