Бангладеште рохинджа мұсылмандары шоғырланған лагерьде биыл 48 мың бала дүниеге келуі мүмкін
Мұны «Associated Press» агенттігі хабарлап отыр. Алайда, нәрестелер санитарлық жағдайы жоқ уақытша шатырларда туылып жатыр. Олар 5 жасқа толмай шетінеуі мүмкін. Сондай-ақ, мұнда сәбилерге дифтерия, қызылша және тырысқақ ауруларына шалдығу қаупі төніп тұр. Бангладеш үкіметі болса, лагерьлердегі ахуалдың шиеленіскенін мәлімдеп, мұнда 36 мың баланың ата-анасыз қалғанын атап өтті.
БҰҰ-ның деректеріне сүйенсек, Мьянманың Ракхайн штатында тамызда геноцид басталғалы Бангладешке 650 мыңдай рохинджа мұсылманы қашып барған. Ал, ЮНИСЕФ олардың 60 пайызы балалар екенін растады.
Бангладеш пен Мьянма босқындарды қайтару туралы келіссөз жүргізіп жатқаны белгілі. Дегенмен, рохинджалардың көбі үйлеріне қайтуға үрейленіп отыр.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Көшпенділер ойынына Жамбыл облысынан 22 спортшы барады
20.08.2026, 13:25
СҚО-да дәндік жүгеріні өсіруді қолға алды
20.08.2026, 13:23
Экологиялық жауапкершілі – әр азаматтың міндеті
20.08.2026, 13:20
Халықаралық байқаушылар сайлауға дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 13:15
Рахман қайнарынан Сексеуілге дейін 14 жоба жүзеге асуда
20.08.2026, 13:12
Қазақстан Еуразия көлік дәліздеріне инвестиция тартудан көш бастады
20.08.2026, 13:09
Алматыда мектеп автобустарын тексерді
20.08.2026, 13:06
Атырауда бір күнде 300-ден аса құқық бұзушылық анықталды
20.08.2026, 13:03