Исландияның шығысында 50 турист мінген автобус апатқа ұшырып, бір Қытай азаматы қаза тауып, 12-сі жараланды. Олардың көбі қытайлықтар екені анықталды. Соңғы деректер бойынша, жолаушылар автобусы жол бойында жеңіл көлікпен соқтығысып, аударылған. Зардап шеккендердің кейбіреуін тіпті, тікұшақпен ауруханаға жеткізуге туралы келді. Әзірге автобустың апатқа ұшырау себебі белгісіз.
Айта кетсек, Исландия Қытай азаматтарының қыс мезгілінде ең көп баратын жерлерінің бірі. Соңғы алты айда бұл мұзды мемлекетке 47,500 қытайлық келген екен.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ