Путин Санкт-Петербугте болған жарылысты «теракт»  деп атады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Путин Санкт-Петербугте болған жарылысты «теракт»  деп атады

28.12.2017

Ресей президенті Владимир Путин Санкт-Петербургтегі супермаркетте 10 адамды жаралаған жарылысты «теракт» деп атады. Мұны ол Кремльде Сирияда қызмет еткен жауынгерлер мен офицерлерді марапаттау салтанатында мәлімдеді.

Тағы бір сөзінде Путин Таяу Шығыста «ДАИШ»-тың қатарында соғысқан мыңдаған адам оралатын болса, Ресейдегі жағдайдың қиындайтынын ескертті. 

Владимир Путин, Ресей Федерациясының президенті:

- Сіздер білесіздер, кеше Санкт-Петербургте теракт жасалды. Және де таяуда Федералдық қауіпсіздік қызметі тағы бір лаңкестік әрекетке тосқауыл қойды. Егер «ДАИШ»-тың жақсы дайындықтан өткен мыңдаған содыры оралатын болса, не болады?! Мен бұл турасында да айттым. Ал, ФСБ директорына тапсырма бердім, бандиттер офицерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін болса, оларды дереу жойыңдар деп.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу