Санкт-Петербург метросында қаза тапқандардың саны артуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Санкт-Петербург метросында қаза тапқандардың саны артуы мүмкін

04.04.2017

Кеше Санкт-Петербург метросында теракт болып, 11 адам опат болса, ауыр жараланғандардың саны 50-ге таяу. «Сенная площадь» станциясынан «Технологический институт» станциясына бет алған пойызда тапа-тал түсте бомба жарылды. Бір сәтте бүкіл жұртты дүр сілкінткен қанды оқиға кезінде Ресей Президенті жұмыс сапарымен Санкт-Петербургте болған.

Владимир Путин сол күні бірден жарылыс болған жерге барып, қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтты. Жарылыс жайлы ақпарат шығысымен Петербургке шұғыл жеткен Ұлттық арнаның Ресейдегі меншікті тілшісі Нұртас Солтанұлы оқиға орнынан баяндайды

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу