Канаданың Квебек қаласындағы мешітте атыс болып, 6 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канаданың Квебек қаласындағы мешітте атыс болып, 6 адам қаза тапты

30.01.2017
8 адам жараланған. Қазір бұл шабуыл лаңкестік әрекет ретінде тергеліп жатыр. Ал, Премьер-министр Джастин Трюдо жарылысты мұсылмандарға бағытталған теракт деп мәлімдеді.

Қанды оқиғаға қатысты деген күдікпен 2 адам ұсталды. Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары шабуылдаушылардың саны үшеу болғанын хабарлады. Олардың бірі Калашников автоматын ұстаған.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу