Санкт-Петербургте жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Санкт-Петербургте жарылыс болды

28.12.2017

Санкт-Петербургтің Кондратьев даңғылындағы супермаркетте жарылыс болып, 10 адам жараланған. Қаза тапқандар жоқ. Жапа шеккендердің үшеуінің халі мүшкіл. Дүкеннің бірінші қабатындағы жүк сақтау камерасында қолдан жасалған  жарылғыш зат іске қосылған. Тергеу комитеті оқиғаны «қауіпті тәсілмен 2 немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталу» деп атап, теракт деп есептемейтінін мәлімдеді. 

Төтенше жағдай болған ғимараттан адамдар эвакуацияланды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу