Қырымның шығысындағы Керчь қаласында теракт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырымның шығысындағы Керчь қаласында теракт болды

17.10.2018

Қырымның шығысында орналасқан Керчь қаласындағы колледжде болған терактіден қаза тапқандар саны 18-ге жетті. 50-ге жуығы жараланған. Қырым басшысы Сергей Аксеновтың мәлімдеуінше, жарылысты осы колледждің 22 жастағы студенті жасаған. Оқиғадан кейін жігіт өзіне-өзі қол жұмсады. Тергеу деректеріне сай, зардап шеккендердің көбі - жасөспірімдер. Политехникалық колледжде металл заттармен толтырылған бомба жарылған. Алғашында «оқу орнында газ жарылды» деген ақпарат тараған еді. Алайда, кейін ол мәлімет расталмады. Куәгерлердің сөзінше, колледждің бірінші қабатында жарылыс, екінші қабатында атыс болған. Қазір Керчьте төтенше жағдай жарияланып, қоғамдық көлік қозғалысы шектелді. Қырымда алдағы үш күн қаралы деп жарияланып, теракт оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу