Ливия 142 мигрантты Гвинеяға қайтарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ливия 142 мигрантты Гвинеяға қайтарды

28.12.2017

Ливия 142 заңсыз мигрантты еліне қайтарды. Олардың барлығы - Гвинея азаматтары. Шара БҰҰ-ның көші-қон агенттігінің көмегімен жүзеге асырылған. Солтүстікафрикалық мемлекет уақытша пана беру орталықтарын лық толы босқындардан осылай босатып жатыр. Бұл жерден желтоқсанның соңына дейін барлығы 15 мыңдай адамды еліне қайтарылмақ. Ливия арқылы мигранттардың Еуропаға өтуі 2014 жылдан бері күрт артқан. Соңғы үш жылда Жерорта теңізі арқылы 600 мыңдай адам Италияға жеткен екен. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу