Мальтаның арнайы күштері мигранттар басып алған мұнай танкерін азат етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мальтаның арнайы күштері мигранттар басып алған мұнай танкерін азат етті

29.03.2019

Олар оны ел жағалауына жеткізді. Осы шабуылды жасаған ливиялықтар полицияның қолына тапсырылған.

«әл-Хиблу-1» танкері Ливия жағалауында суға кете жаздаған 108 мигрантты өз бортына мінгізген. Алайда, сол мигранттардың бір тобы танкер Ливияға оралатынын түсінгенде, экипажды Мальтаға кетуге мәжбүрлеген.

Жерорта теңізінде Еуропаға жетпек болған босқындар жиі қаза табады. 2015 жылы Таяу Шығыс пен Африкадан қарт құрлыққа жол тартқан 3700-ден астам адам суға батып кетті. Оларды құтқаруға арналған «София» операциясының мерзімі қыркүйекте аяқталады. Алайда, Рим бұл миссияны жалғастыруға қарсы. Себебі, құтқарылған мигранттардың көбі Италияда қалып қояды.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу