Еуропа одағы 2 мың мигрант қабылдау туралы ұсынысты жауапсыз қалдырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа одағы 2 мың мигрант қабылдау туралы ұсынысты жауапсыз қалдырды

22.11.2021

Беларусь үкіметі Еуропа одағына 2 мыңдай мигрант қабылдау туралы ұсыныс жасаған еді. Сол сауалға Минск әлі жауап алмаған.

Мұны бүгін президент Александр Лукашенко мәлімдеді. Мемлекет басшысының сөзінше, Беларусь Германияға да босқын кіргізу туралы өтініш айтпақ.

Бірақ, Еуропа одағы Лукашенконы санкция үшін кек алу мақсатында Таяу Шығыстан мыңдаған мигрантты ұшақпен тасып, Польшаға енгізбек болды деп айыптап отыр. Алайда, ресми Минск бұл миграциялық дағдарысты өз қолымен жасағанын жоққа шығарып келеді.

Тамыздан бері Беларусь-Польша шекарасына мыңдаған адам жиналып қалды. Олар одақ аумағына өте алмады. Сондықтан, Беларусь мигранттардың көбін логистикалық орталыққа көшіріп, талайын ұшақпен елдеріне қайтарды.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу