Германиялық кеме Жерорта теңізінен 33 мигрантты құтқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германиялық кеме Жерорта теңізінен 33 мигрантты құтқарды

26.12.2018

Германиялық үкіметтік емес ұйымға тиесілі кеме Жерорта теңізінен 33 мигрантты құтқарды. Су көлігінің экипажы көмекке шақырып жатқан қайықты байқап қалып, оған дереу барған. Құтқарылғандардың көбі - Нигерия, Ливия, Кот-дИвуар азаматтары. Олардың арасында Мали, Мысыр, Гвинея сынды елдерден шыққандары да бар. Қазір мигранттардың жағдайы жақсы. Дегенмен, германиялық ұйым өкілдері күн суып, қыс ызғары күшейгенде, Жерорта теңізі арқылы Еуропаға жетіп жатқан мигранттарға салмақты көмек көрсетуге шақырды.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу