Басты Жаңалықтар АҚШ азаматшасы электр қуатын пайдаланғаны үшін 284 млрд доллар қарыз болып қалған

АҚШ азаматшасы электр қуатын пайдаланғаны үшін 284 млрд доллар қарыз болып қалған

Бұл туралы квитанция келгенде пенсильваниялық Мэри Хоромански есінен танып қала жаздады. Өз көзіне сенбеген әйелдің айтуынша, қағазда берешекті келер жылдың қарашасына дейін өтеу керектігі жазылған.

Бірақ, Мэридің ұлы компанияға хабарласқанда, квитанциядағы санның қате кеткені анықталды. Сол үшін энергетикалық компания одан кешірім сұрап, мұндай шоттың бұрын-соңды болмағанын жеткізді. Кәсіпорын қызметкері 58 жастағы Хоромнски қарызының 284 доллар екенін хабарлаған. Мэри болса ауырып қалып, баласынан жүрек ырғағын бақылайтын құрал сатып алуды өтініп отыр.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Бөлісу