Перу астанасы Лимада елдің экс-президенті Альберто Фухиморидің түрмеден босатылуына қарсы сан мың адам шеруге шығып, полициямен қақтығысты. Тәртіп сақшылары екі күн бойы ашуға ерік берген демонстранттарды тарату үшін көз жасаурататын газ қолданған.
Халық президент Педро Пабло Кучинскиді Фухимориге денсаулығына байланысты рақымшылық жасағаны үшін айыптап отыр.
Айта кетсек, Перудің бұрынғы лидері 2009 жылы жемқорлық үшін және бірнеше адамды өлтірді деген айыппен 25 жылға сотталды. Ал, манифестанттардың ойынша, Кучински Фухимориді депутаттармен жасырын келісіп, импичменттен аман қалу үшін бостандыққа жіберіп отыр және шерушілер қазіргі мемлекет басшысын митингтер кезінде тым қатаң шараларға барды деп те кінәлады.
Хуан Карлос, шеруші:
- Мен бәрін көрдім. Полиция соңымыздан қалмай, бізге қарсы қару қолданды. Президент Кучински мерекеге қарамастан, осындай қатаңдыққа барып отыр. Олар заңға сәйкес бейбіт шеру өткізуге де мүмкіндік берер емес.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ