Басты Жаңалықтар Қытайда «Чанчжэн -2С» зымыранымен үш жерсерік ұшырылды

Қытайда «Чанчжэн -2С» зымыранымен үш жерсерік ұшырылды

«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, бұл ракета жергілікті уақытпен таңғы сағат 3:44-те Сичан космодромынан көкке самғаған. Соңғы деректер бойынша, спутниктер белгіленген орбитаға сәтті шығарылды. Олар жер бетін қашықтықтан бақылауға, атмосферадағы электромагниттік сәулені зерттеуге және өзге де ғылыми тәжірибелер жасауға негізделген. Бірқатар сарапшылардың ойынша, бұл аппараттар әскери электронды-оптикалық барлау үшін де пайдаланылмақ.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Бөлісу