Атыраулық диқандар 50 мың тоннадай өнім жинады
Атырау облысында 50 мың тоннаға жуық өнім жиналды. Өңірде егін жинау науқаны жалғасып жатыр. Биыл 10 мың гектардан астам аумаққа дән егілген. Көпшілікке мұнайымен танылған Жылыой ауданы тек өнеркәсіптік аймақ емес, мұнда да егін егіп, мол өнім алып отырған диқандар бар. Шалғайдағы шаруалардың жайын әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт біліп қайтты.
Жылда
дән егіп, өнім алып, кәсібін дөңгелетіп отырған шаруалардың бірі – Айтуар
Мырзағалиев. Мамыр айынан бастап 10 гектар аумаққа қарбыздың екі түрін,
қауынның үш түрлі сортын, сондай-ақ қызанақ,
қияр, асқабақ секілді бау-бақша өнімдерін еккен. Жоспар бойынша гектарына 20-30
тонна өнім алмақшы. Әкімдіктен қолдау да жоқ емес. Тамшылатып суару әдісін
жүргізу үшін үкіметтен субсидия алып отыр.
Айтуар Мырзағалиев, шаруа қожалық иесі:
Жаман емес, үкімет 80 процент субсидия беріп жатыр. Ол дейтін жақсы көмек. 100 проценттің 80-ін беріп отыр ғой енді.
Ал
Жандос Сатқынов жыл сайын егін аумағын ұлғайтып келеді. Ол да бау-бақша
өнімдерінің түр-түрін егіп, Жылыой ауданын жергілікті өніммен қамтып отыр.
Сұраныс жоғары, артылса Атырау, Маңғыстау облыстарына да жөнелтеді. Бірақ
биылғы табиғаттың тосын мінезі өнім көлеміне кері әсер еткенін айтады.
Жандос
Сатқынов,
шаруа қожалық иесі:
Жалпы гибридтан гектарына 70-80 тонна алуға болады. ол енді қарауға байланысты. Кеш сорттар бар. Продюсер, американский селекционный қарбыздар, олардан 50-60 тонна алуға болады. Биыл ауа-райының қолайсыздығынан кішкене проблемалар болып жатыр сарғайып.
Ауа-райы
өз алдына, ауданда сумен де мәселе бар. Шаруалардың күні іргеде ағып жатқан Жем
өзеніне байлаулы. Биыл су айтарлықтай аз келген. Сондықтан диқандар келген суды
бөлек жинап, ұстап тұратын қойма салу мәселесін жылдар бойы айтып келеді.
Жауапты мамандар жобаның техникалық экономикалық негіздемесі жасақталып,
қазіргі мемлекетітк сараптамадан өтіп жатқанын айтады.
Жәнібек Сабыров, Жылыой аудандық кәсіпкерлік және а/ш
бөлімінің басшысы:
Ауыл шаруашылыған қажетті су көзін реттеу мақсатында Аралтөбе учаскесінде Аралтөбе су қоймасын салу жоспарланды. Жері нақтыланып сақталатын судың көлемі нақтыланды.
Бүгінде
Атырау облысында егінмен айналысатын 217 шаруа қожалығы тіркелген. Өнімнің
басым бөлігі Махамбет, Индер, Жылыой, Құрманғазы аудандары мен Атырау қаласына
іргелес елді мекендердегі шаруашылықтардан жиналуда. Науқанды қазан айының
соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Теміртауда «Таза ойындар» экологиялық жарысы өтті
20.08.2026, 17:35
Жетісу омарташылары 130 тоннадан аса бал өндіреді
20.08.2026, 17:31
СҚО-да дәндік жүгеріні өсіруді қолға алды
20.08.2026, 17:29
Өскеменде қоқыс шығаруды цифрлық жүйемен бақылайды
20.08.2026, 17:25
Гарри ханзада мен жұбайы Меган еліне оралады
20.08.2026, 17:22
Бұрынғы мультимиллиардер қалған өмірін түрмеде өткізеді
20.08.2026, 17:20
Фельдшер Ұ.Мырзуан ісі: Жәбірленуші тарап тыңдалды
20.08.2026, 17:17
Ел жаңалықтарына шолу
20.08.2026, 17:15