Өскеменде қоқыс шығаруды цифрлық жүйемен бақылайды
Енді Өскеменде қоқысты шығару цифрлық жүйемен бақыланады. Яғни контейнерлер қойылған аумақ және қоқыс таситын көліктердің қозғалысы арнайы платформаға қосылған. Бұл жобаны облыстық цифрландыру және архивтер басқармасының мамандары жасап,біріңғай талдау орталығына қосты. Қазір платформаға 569 контейнер енгізілді. Әр нысанның орналасқан жері, қызмет көрсету кестесі және қоқыс шығарылғаны туралы мәліметтер нақты онлайн көрсетіледі.Ал қоқыс таситын көліктердің жұмысы GPS арқылы бақыланады. Ал тұрғындар QR-кодты смартфонмен сканерлеп, қоқыс уақытында шығарылмаған жағдайда басқару орталығына хабарлама жібереді. Бұдан бөлек, тұрғындардың өтініштері 109 қызметі арқылы да қабылданады. Платформа іске қосылғаннан бері 109 арнасына тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару мәселесіне қатысты 341 өтініш түскен.
Үш нүкте – жасыл, бір нүкте – қызыл. Бұл үш нүкте уақытылы шығарылып келе жатқан, мына қызылдар әлі үлгермей жатыр. Немесе шығарылу үрдісінде. Бүгін келіп шығарып кеткеннен кейін, жасыл болып жанады да бұл нүкте жабылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы