Мәскеуде автобус жолаушыларды қағып 4 адам қаза тапты
Мәскеуде жолаушылар автобусы жерасты өткеліне басып кіріп, адамдарды қағып, 4-уін мерт қылды. Тағы 11-і жараланып, ауруханаға жеткізілген. «Reuters» агенттігінің хабарлауынша, оқиға «Славян бульвары» метро станциясының маңында болған. Соңғы келіп түскен деректерге қарағанда, зардап шеккендердің 3-уі ауыр халде жатыр. Жергілікті полиция өкілдерінің мәлімдеуінше, автобус «Сколково» инновациялық орталығына қарай бағыт алып келе жатқанда, жол бетінен шығып, тоқтамай қозғалған. Әзірге апатқа не себеп болғаны белгісіз. Дегенмен, құқық қорғаушылар оқиғаны теракт деп мәлімдеген жоқ. Алдын ала болжам бойынша автобустың көлік тежегіші істен шыққан немесе жүрзігуші рөлге ие бола алмаған. Тергеу жүріп жатыр.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Көшпенділер ойынына Жамбыл облысынан 22 спортшы барады
20.08.2026, 13:25
СҚО-да дәндік жүгеріні өсіруді қолға алды
20.08.2026, 13:23
Экологиялық жауапкершілі – әр азаматтың міндеті
20.08.2026, 13:20
Халықаралық байқаушылар сайлауға дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 13:15
Рахман қайнарынан Сексеуілге дейін 14 жоба жүзеге асуда
20.08.2026, 13:12
Қазақстан Еуразия көлік дәліздеріне инвестиция тартудан көш бастады
20.08.2026, 13:09
Алматыда мектеп автобустарын тексерді
20.08.2026, 13:06
Атырауда бір күнде 300-ден аса құқық бұзушылық анықталды
20.08.2026, 13:03