Эквадорда мейрамханадағы жарылыстан бір бала қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эквадорда мейрамханадағы жарылыстан бір бала қаза тапты

26.12.2017

Эквадор астанасы Китода мейрамханада жойқын жарылыс болып, 1 бала қаза тапты. Кемінде 10 адам жараланған. Зардап шеккендердің саны әлі де өсуі мүмкін. Бұл туралы жергілікті билік өкілдері хабарлады. Құрбан болған балғын 7 жас шамасында болған. Оқиға кешкі сағат 11 кезінде ресторанға адамдар көптеп жиналып, Рождество мерекесін тойлап жатқанда болған. Полицияның деректеріне сүйенсек, газ баллоны жарылған болуы керек. Күшті дүмпуден ғимарат жермен-жексен болып, жақын-маңдағы 6 көлік өртеніп кетті.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу