Ботақарадағы жарылыста жарақат алғандардың жағдайы ауыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ботақарадағы жарылыста жарақат алғандардың жағдайы ауыр

31.01.2024

Қарағанды облысының Ботақара кентіндегі тұрғын үйде болған жарылыстан соң санавиациямен облыстық ауруханаға жеткізілген бала әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы орташа ауыр. Тап сол оқиғада зардап шеккен екі Өзбекстан азаматының да жағдайына дәрігерлер алаңдаулы. Олар қазір Бұқар жырау аудандық ауруханасында жатыр. Бірінің денесі 80 пайызға, ал екіншісі 26 пайызға күйіп қалған. Науқастарға барлық медициналық көмек көрсетілуде. Оқыс оқиға қаңтырдың 30-ы түнгі сағат 00:00-ден аса болған. Жұрт шырт ұйқыда жатқанда екінші қабаттағы пәтерде газ баллоны жарылып, салдарынан ортасынан опырылып түсті. Өкінішке қарай, екі адам қаза тапты. Жалпы, жарылыстан 5 адам зардап шеккен.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу