Ботақарадағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды
Ботақарадағы жарылыстан екі адам қаза тапты. Тағы бір бала мен ер адам ауыр жағдайда жатыр. Оқиғаға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Олар газ баллонының жарылуына не себеп болғанын, оған кім кінәлі екенін анықтамақ. Дегенмен төтенше жағдай мамандары жасаған алдын ала қорытындыға сүйенсек, қауіпсіздік шаралары сақталмаған. Көгілдір отыны бар баллонды суықтан, жылы жерге кіргізген болуы мүмкін. Оқиғаның жай-жапсарын, құқық қорғау органдары анықтайды. Айта кетейік, мамандар қираған баспана орнында пайда болған үйінділерді тазартып болды. Жергілікті атқарушы органдар, кран мен үш экскаваторды апат орнына жеткізді. Осының арқасында мамандар үйінді астынан бес адамды алып шықты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Таза Қазақстан – таза аймақ
17.07.2026, 20:15
Металлургтердің 75 пайызы – жас мамандар
17.07.2026, 20:13
Әлеуметтік желіге коменданттық сағат енгізіледі
17.07.2026, 20:09
Бангладеште қызылша індеті өршіді
17.07.2026, 20:08
Мүгедектігі бар азаматтарды қолдауға 1,1 трлн теңге бөлінді
17.07.2026, 20:07
Ресейде денге безгегі тіркелді
17.07.2026, 20:06
ОСК: «Ақ жол» партиясының кандидаттар тізімі тіркелді
17.07.2026, 20:06
Азаматтардың басым бөлігі сайлауға қатысуға дайын
17.07.2026, 20:05