Басты Жаңалықтар Қытайда әлемдегі ең ұзын отты айдаһар жұрт назарына ұсынылды

Қытайда әлемдегі ең ұзын отты айдаһар жұрт назарына ұсынылды

Қытайдың Хунань провинциясында әлемдегі ең ұзын отты айдаһар жұрт назарына ұсынылды. 128 метрлік жалынды кейіпкер дәстүрлі фестиваль аясында көшеде билеп, адамдардың көңілін көтерді. Бұл тамаша көріністі жарыққа шығару үшін 100-ден астам адам атсалысқан екен. Ұйымдастырушылардың сөзінше, айдаһардың үстіне лапылдаған отты жағу оңайға түспеген. Сондай-ақ, олар қауіпсіздік шараларын мейлінше сақтауға тырысқан. Көрермендер де ғажап қойылымды тамашалап, шараға қатысушыларды қолдап белсенділік танытты. Жоспар бойынша бұл фестиваль 66 күнге созылып, келер жылдың ақпанының 25-не дейін жалғасады деп күтілуде.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Бөлісу