Бейрутте полицейлер шерушілермен қақтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейрутте полицейлер шерушілермен қақтығысты

19.11.2019

Ливан қауіпсіздік күштері Бейрутте шерушілермен қақтығысып жатыр. Жанжалдың басталуына демонстранттардың депутаттарды парламент сессиясына қатыстырмау әрекеті себепші. Соңғы мәліметке қарағанда, заң шығару органының отырысы кейінге қалдырылды.

Бұл мемлекетте билікке қарсы манифестациялар өткен айда басталды. Жергілікті тұрғындар үкіметті экономиканы күйретті деп айыптап отыр. Осы акцияларға байланысты ел премьер-министрі Саад әл-Харири қазанның 29-ында отставкаға кетуге мәжбүр болды. Ал жаңа министрлер кабинетін құру туралы келісім әлі жасалмаған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу