Украина парламенті 9 заңнан бас тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина парламенті 9 заңнан бас тартты

28.01.2014
Украина парламенті 9 заңнан бас тартты
 
Украина парламенті Жоғарғы Рада 16 қаңтарда қабылданған, азаматтық бостандықты шектеген 12 заңның 9-нан бас тартты, деп хабарлайды «Азаттық».
 
Мұны парламенттегі 361 депутат қолдап, коммунистер фракциясы ғана дауыс бермей қойған.

Оппозиция өкілдері мен президент Виктор Януковичтың кездесуінде бұл заңнан бас тарту жайы талқыланған болатын.

Украинаның  премьер-министрі Николай Азаров бүгін отставкаға кетуге өтініш берді. Ол Украинаның тұтастығын сақтау үшін осындай қадамға барғанын айтады. Азаровтың қызметінен кетуін оппозиция жақтастары талап еткен еді.

Парламенттің елдегі саяси дағдарысты реттеу туралы кезектен тыс отырысы қаза тапқан бес шерушіні еске алумен басталды.

Хабарламаларға жазылу