Ливан премьер-министрі Харири биліктен кету туралы шешімін өзгертті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ливан премьер-министрі Харири биліктен кету туралы шешімін өзгертті

23.11.2017

Ливан премьер-министрі Саад Харири қызметтен кетпей, орнында қалатынын мәлімдеді. Ол еліне осыдан бірер күн бұрын оралды. Жақтастары болса, үкімет басшысын қуана қарсы алды.

Айта кетсек, қарашаның 4-де Харири Сауд Арабиясына барып, сол мемлекеттің телеарнасынан мәлімдеме жасап, отставкаға кеткенін жариялаған-ды. Бірақ, болжамдарға қарағанда, оны мұндай шешімге Саудия үкіметі мәжбүрледі. Себебі, сүннит Харири Ливанда үлкен күшке айналған шииттік «Хезболла» қозғалысының, яғни, Иранның одақтасының ықпалын шектей алмады.

Бірақ, Батыс державалары қысым жасағаннан кейін Саудия бұл райынан қайтып, Харири Бейрутке қайтты. Осылайша, Ливан өз жерінде Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы тайталастан туындауы мүмкін діни жанжалдан аман қалып отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу