Кәрім Баратов «Yahoo»-ды бұзғанын мойындады

29.11.2017

Yahoo аккаунттарын бұзды деп айыпталған Қазақстан тумасы, Канада азаматы Кәрім Баратов өз кінәсін мойындады. Оның заңсыз әрекетінен америкалық интернет-компания 350 млн. доллар шығынға батқан.

Осы іске қатысты 22 жастағы жігіт АҚШ-тың Сан-Франциско сотында тергеліп жатыр. Оған қарсы үкім ақпанның 20-да жариялануы мүмкін. Кәрім Баратов биыл наурызда АҚШ үкіметінің талабымен Торонтода қамауға алынып, кейін Құрама Штаттарға экстрадицияланды.

Ал Қазақстаннан Канадаға 2007 жылы кеткен.  

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

 

 

Хабарламаларға жазылу