Қазақстан әскери-әуе күштері жаңа С-295 ұшағымен толықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан әскери-әуе күштері жаңа С-295 ұшағымен толықты

19.12.2014
Қазақстан әскери-әуе күштері жаңа С-295 ұшағымен толықты

Алматы қаласындағы авиациялық база Қазақстан әскери-әуе күштерінің жаңа С-295 ұшағымен толықты. Бұл ұшақ Қазақстан тарапы мен еуропалық «Airbus Military» авиациялық концернінің арасында бұған дейін жасалған келісімшартқа сәйкес келіп отыр, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.

Енді ҚР Қарулы Күштері үшін осындай сегіз әуе кемесі жеткізілмек. Ал, «Airbus Military» ұшақтың ұшып келуі «Испания – Грекия – Әзірбайжан – Қазақстан бағытымен» үш кезеңде жүзеге асқан.

Айта кетейік, мұндай ұшақтар Қазақстанда 2012 жылғы желтоқсаннан бері пайдаланылып келеді. Бүгінде қазақстандық ұшқыштар мен техниктер оларды толықтай игерді.

Сондай-ақ, қазіргі таңда Қарулы Күштердің техникалық жарақтануы айтарлықтай артты. Қарулы Күштерді қазіргі заманғы авиациялық техникалармен жарақтандыру әскерлердің ұтқырлығын арттырып, әскери-көліктік авиация паркін жаңартуға мүмкіндік береді.

Хабарламаларға жазылу