Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинге көңіл айтып, жеделхат жолдады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинге көңіл айтып, жеделхат жолдады (ВИДЕО)

01.11.2015
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинге көңіл айтып, жеделхат жолдады (ВИДЕО)
Мысырда әуе апатынан қаза тапқан жолаушылардың денелері Ресейге дүйсенбі күні түнде жеткізіледі. Әзірге 100-ге жуық жолаушының мәйіті табылыпты.

Қазанның 31-і күні Мысырдан туристерді алып Санкт-Петербургке бара жатқан ресейлік ұшақ Синай түбегіне құлады. Апат салдарынан 217 жолаушы мен экипаждың жеті мүшесі қаза болды.

«Airbus 321» жолаушылар ұшағы Ресейдің «Когалымавиа» әуе компаниясына тиесілі. Шарм-эш-Шейх қаласының әуежайынан көкке көтерілген соң, 23 минуттен кейін онымен байланыс үзілген. «Airbus» компаниясының мәліметінше, апат болған ұшақ 1997 жылы шыққан.

Қаза тапқан жолаушылардың туыстары қазір Пулково әуежайының қасындағы қонақ үйге орналастырылған. Дәрігерлер мен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Жолаушылардың басым бөлігі Санкт-Петербургтен. Арасында 4 Украина және Беларусь азаматтары да бар.

1 қараша Ресейде қаралы күн болып жарияланды.

Осы жағдайға байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айтып, жеделхат жолдады.

Жеделхатта апат салдарынан адамдардың қаза тапқаны туралы қайғылы хабарды Мемлекет басшысы терең күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту сөзін жеткізуді өтінді.

Хабарламаларға жазылу