Атыраудан Алматыға бағыт алған FlyArystan ұшағынан ақау шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраудан Алматыға бағыт алған FlyArystan ұшағынан ақау шықты

08.09.2020

Атыраудан Алматыға бет алған «FlyArystan» компаниясының Airbus А 320 ұшағы, кеше кешке техникалық себептерге байланысты қайта қонуға мәжбүр болды. КС-7201 рейсінің әуеге көтерілгенде желдету жүйесіндегі дабыл іске қосылған. Осыдан соң экипаж құрамы әуежайға кері оралу қажет деп тапқан. Куәгерлердің айтуынша, ұшақ Атырау аспанында шамамен бір сағаттан астам уақыт айналған. Қайта ұшу кезінде борттағы 144 жолаушының 27-сі әуе кемесіне отырудан бас тартты. Зардап шеккендер жоқ. Ақау нақты ұшақтың қай бөлігінен шыққаны әзірге белгісіз.

Ләззат Нәбиева, «FlyArystan» әуе компаниясының баспасөз хатшысы:

- Бұл қалыпты жағдай. Ешқандай да бір қиындық, жаман бір нәрсе болған жоқ. Ұшақ штатты режимде жерге қонғаннан кейін, техникалық тексеріс жүргізілді. Эксплуатациядан өтіп, инженерлер ұшақ сапарын әрмен қарай орындауға рұқсат деген түйіндемесін жазып шығарды. 117 жолаушы Алматыға аман-есен жетті.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу