Испанияда пойыз апатынан 21 адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда пойыз апатынан 21 адам жараланды

30.11.2017

Испанияның оңтүстігінде пойыз апатқа ұшырап, 21 адам жараланды. Олардың үшеуі ауыр халде. 80-ге жуық жолаушысы бар пойыз Малага қаласынан Севильяға бара жатып, рельстен тайған. Алдын ала болжамдарға қарағанда апатқа ауа райының қолайсыздығы себепші. Бұл өңірде екі күн бойы толассыз жауын жауып, жолдарда апаттық жағдайлар жиілеген.

Испанияда ауа райының қолайсыздығы алғаш рет темір жол қатынасына кедергі жасап отырған жоқ. Былтыр осындай оқиғадан елдің Галисия аймағында 4 адам қаза тауып, 47-сі жараланды.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ 

Хабарламаларға жазылу