Каталонияның бұрынғы басшысы Пучдемон Бельгия полициясына берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каталонияның бұрынғы басшысы Пучдемон Бельгия полициясына берілді

06.11.2017

Каталонияның бұрынғы басшысы Карлес Пучдемон және 4 бұрыығы министр Белгия полициясына берілді. Бұл туралы «Associated Press» агенттігі хабарлап отыр. Брюссельдің прокутарурасының өкілі Жил Дежемептің мәліметіне жүгінсек, олар ордермен ұсталып, сот тергеушісінің шешімі бойынша 24 сағатқа тұтқынға алынды.

Айта кетейік, қазанның соңында Пучдемон жақтастарымен Бельгияға келген соң ресми Мадрид шешімі бойынша Каталония аймақтық автономиясын басқару қызметінен босатылған. Оларға бүлік шығарып, мемлекет мүлкін ұрлап және билікке бағынбады деген айып тағылды.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу