Каталония басшылығына үміткер ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каталония басшылығына үміткер ұсынылды

11.05.2018

Каталонияның экс-басшысы Карлес Пучдемон аймақ үкіметін қайта басқаруға талпынбайды. Ол өз орнына жаңа кандидатураны - автономия парламентінің депутаты Ким Торраны ұсынып отыр. Енді бұл үміткерді заң шығарушы кеңестің спикері мақұлдауы тиіс.

Женералитеттің басшысын қайта сайлау бірнеше айдан бері түрлі себептерге байланысты мүмкін болмай отыр. Ал, жақында Испанияның Конституциялық соты Пучдемонға дауысқа түсуге тыйым салған болатын. Каталонияның бұрынғы лидеріне бүлік шығарды, арандатушылықпен айналысты және бюджет қаражатын ысырап қылды деген айып тағылған. Қазір Пучдемон Германияда жүр. Мұнда ол кепілдікпен және елден кетпеу туралы тілхат бойынша бостандыққа шығарылды.

Каталонияның жаңа басшысы мамырдың 22-не дейін сайлануы тиіс. Өйтпеген жағдайда, Мадрид жергілікті парламентті тарату құқығына ие болады.

Мадина РАХЫМБЕК

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу