Италияның солтүстігінде бірнеше күнге созылған орман өрті сөндірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияның солтүстігінде бірнеше күнге созылған орман өрті сөндірілді

31.10.2017

Тілсіз жауды ауыздықтауға ондаған өрт сөндіруші мен ауыр техника тартылған. Тіпті, Хорватиядан көмекке арнайы екі ұшақ әкелінген. Соңғы келіп түскен мәліметтерге қарағанда, аппаттық жағдайға байланысты Валь-ди-Суза және Варезе алқаптарынан жүздеген адам үйлерін тастап қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болды. Жергілікті билік жақын маңдағы аймақтардағы тұрғындарға жолға шықпауға кеңес берді. Жараланған немесе жоғалғандар бар-жоғы әзірге белгісіз. Қазір мамандар жөндеу қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу