Абай облысындағы орман өрті бүгін басылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысындағы орман өрті бүгін басылды

25.05.2023

Абай облысы Бородулиха ауданындағы 3 тәулікке созылған орман өрті бүгін басылды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары мәлімдеді. Отқа оранған аумақтағы жалын ошақтары түгел сөндірілген. Алайда мамандар қозданып жатқан жерлерді толықтай жойғанша жұмысты жалғастыра бермек.

Димитрий Гариков, Абай облысы әкімінің орынбасары:

Өрттің үш ошағында да жалын сөндірілді. Қазір жанып жатқан жоқ. Таңертең тікұшақпен аумақты бақылап шықтық. Бірақ мұнда жұмыс әлі бірнеше күнге жалғасады. Ауа –райы да қолайсыз болып тұр. Бықсып жатқан қалдықтар, қайта тұтанып кетпеуі керек. Бәрі толықтай өшірілгенше жұмыс істей береміз.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу