Павлодар облысында екі күнге созылған дала өрті сөндірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында екі күнге созылған дала өрті сөндірілді

10.10.2022

Бұл шағын шаһар Ақсуға қарасты Мәмәйіт Омаров ауылы тұрғындарының жанайқайы. Олар қысқы мал азығына дайындаған 5 мың тонна шөбіміз жанып кетті- дейді. Бұл бір ғана шаруашылыққа тиесілі емес, ауылдағы 1 мыңға тарта тұрғынның ортақ несібесі. Төрт түлікті қыстан қалай алып шығамыз - деп қамыққан тұрғындар бүгін облыстық қоғамдық кеңеске арыздарын жеткізді.

Рүстем Амантай, Мәмәйіт Омаров ауылының тұрғыны:
Шөптің бағасымен есептейтін болсақ қазіргі шығын 50 млн-ды құрап тұр. Тек қана өзімді айтатын болсам, шабу үшін 6 тонна солярка кетті. Енді оны тасу үшін тағы 6 тонна солярқа керек болады, жоқ дегенде. Үлкен бір шығын болып тұр.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу