Еуропаның оңтүстік-батысында орман өрті екі күн бойы жалғасып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропаның оңтүстік-батысында орман өрті екі күн бойы жалғасып келеді

17.10.2017

Португалияның солтүстігінде одан құрбан болғандардың саны 36-ға жетіп, шамамен 50 адам жараланған. Олардың 10-нан астамы ауыр халде ауруханаға түсті. Ал, Испанияда 3 тұрғын опат болды деген мәлімет бар. Із-түзсіз жоғалып кеткендер бірнешеу. Өрт екі ел шекарасындағы Тежу өзені маңында басталған.

Бұған қоса, өңірде «Офелия» дауылы соғып, екпінді жел лапылдаған оттың тез тарауына себеп болды. Оны сөндіру үшін мыңдаған маман мен ауыр техника тартылды. Апатқа байланысты  Португалияда төтенше жағдай жарияланып, тұрғындарға сақ болу ескертілді. Испания билігі болса, орман қасақана өртелуі мүмкін деп мәлімдеме жасады. Тергеу амалдары жүріп жатыр.  

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу