Францияда 6000 гектар жасыл желек жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда 6000 гектар жасыл желек жанып кетті

11.08.2022

Францияның оңтүстік-батысында алапат орман өрті. Соңғы мәліметке қарағанда, 6 мың гектар жасыл желек пен 16 үй күлге айналған. Тілсіз жаумен күреске мыңнан астам адам мен сегіз ұшақ тартылды. Өрт сөндірушілердің жұмысын 40 градус ыстық пен ұйытқыған жел қиындатып тұр. Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Дегенмен бірнеше мың адам мен жергіліктік қарттар үйінің тұрғындары қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу