Марсельдегі шабуылды «ДАИШ» мойнына алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Марсельдегі шабуылды «ДАИШ» мойнына алды

02.10.2017

Францияның Марсель қаласындағы шабуылды радикалдық «ДАИШ» ұйымы өз мойнына алды. Оқиға жексенбіде Сен-Шарль вокзалында болған. Қолына пышақ ұстаған бір ер адам өзгелерге тұра ұмтылған. Оның әрекетінен оқиға орнында ауыр жараланған екі әйел қаза тапты. 

Ал, шабуылдаушыны «Сантинель» арнайы операциясы кезінде полиция атып өлтірді. Төтенше жағдай болған вокзал 4 сағаттан кейін жұмысын қайта бастады.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу