Ауғанстанда шииттер мешітіндегі жарылыстан 30 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда шииттер мешітіндегі жарылыстан 30 адам қаза тапты

22.11.2016
Жараланғандар саны 50-ден асады. Жанкешті екі қабатты ғимараттың ішінде өзін-өзі жарып жіберген. Сол сәтте шамамен 400 адам Мұхаммед Пайғамбардың немересі Имам Хусейнді еске алып, дұға қылып жатқан. Шабуылды «ДАИШ» экстремистік ұйымы өз мойнына алды.


Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу