Конгода «Даиш» тобының шабуылынан 17 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Конгода «Даиш» тобының шабуылынан 17 адам қаза тапты

17.01.2023

Конго демократиялық республикасында шіркеуде жойқын жарылыс болды. Қаза тапқандар саны 17-ге жетті. Тағы 39 адам жараланған.

Шабуылды «Даиш» қарулы тобы мойнына алды. Жергілікті әскерилер жарылысқа «Одақтас демократиялық күштер атты» топты айыптап отыр. Аталған көтерілісшілер тобы 2019 жылы «Даиш» қатарына қосылған. Оқиғаға қатысы бар деген күдікпен бір кениялық азамат ұсталды. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу