Үндістанның солтүстігінде дауылдан 100-ге тарта адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанның солтүстігінде дауылдан 100-ге тарта адам қаза тапты

03.05.2018

Үндістанның солтүстігінде құмды дауылдан кемінде 95 адам қаза тапты. 100-ден астамы жараланған. Құрбандардың саны әлі де өсуі мүмкін.

Табиғи апаттан әсіресе, Уттар-Прадеш штаты қатты зардап шеккен. Сонымен қатар, Раджастан штатында да көптеген үйлер қирады.

Алапат дауыл адамдар ұйықтап жатқанда соққан. Ал, кейбір тұрғындар жай түсіп, қаза тапты.  Желдің жылдамдығы сағатына 130 шақырымға жетіп, ағаштар құлаған және де электр жарығын беру мен қоғамдық көлік жұмысы қиындап отыр.

Апаттан зардап шеккен аудандарда қазір кең ауқымды құтқару операциялары жүріп жатыр.   

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу