Лондон метросында жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондон метросында жарылыс болды

15.09.2017

Британ ақпарат құралдарының хабарлауынша, бүгін Лондон метросында жарылыс болды. Қазір бұл мәліметтің мән-жайын әскери полиция тергеп жатыр.

«Теракт» деп сипатталған оқиға қаланың батысындағы «Парсонс Грин» станциясына жеткен пойызда болды. Жарылыс кезінде байбалам басталып, адамдар қашып, бірнеше кісі аяқ астында тапталып, жараланған.

Биыл Британияға террористер төрт рет шабуыл жасап, 36 адам қаза тапты. Ал, 2005 жылы діни экстремистер Лондон метросы мен автобуста жарылыс жасап, 52 адамды мерт қылғаны белгілі.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу