Ұлыбританияда температура күрт төмендеп, қалың қар жауды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда температура күрт төмендеп, қалың қар жауды

11.12.2017

Ұлыбритания қар құрсауында. Мұнда температура күрт төмендеп, қалың қар түсті. Айта кетсек, корольдікте қыста мұндай ауа райы сирек болады. Мәселен, Уэльсте жауған ақ ұлпаның қалыңдығы 30 сантиметрге жеткен. Ал, Англияда боран соғып, әуежайлардың жұмысы қиындады. Мәселен, Хитроудың ұшу-қону жолақтарын мұздан тазарту жұмысы баяу жүргендіктен, «Бритиш Эйруэйс» компаниясы 70-тей әуе сапарын доғаруға мәжбүр болған.  Лондон метросында да осыған ұқсас жағдай. Сондай-ақ, британ астанасында ауа райының қолайсыздығына орай бүгін жүздеген мектеп жабылды.

Метеорологтар болса, алдағы күндері жолдарда көктайғақ болатынын ескертіп отыр. Ал, ауруханалар зардап шеккен адамдарға көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу