Каир метросында 4 жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каир метросында 4 жарылыс болды

26.06.2014
Каир метросында 4 жарылыс болды
Каир метросында 4 жарылыс болып, кемінде бес адам жараланды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бомбалар әртүрлі станцияларда іске қосылған. Оқиғаға байланысты жерасты пойыздары уақытша тоқтатылып, кейін қозғалыс қайта қалпына келтірілді.
 
Шабуылдың себебі әзірге белгісіз. Бірақ, Мысыр газеттерінің хабарлауынша, жарылыстарды былтыр шілде айында биліктен аластатылған үкіметтің жақтастары ұйымдастыруы мүмкін.
 
Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу