Чилиде қарулы топ ағаш тиелген 29 машинаны өртеп жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чилиде қарулы топ ағаш тиелген 29 машинаны өртеп жіберді

29.08.2017

Чилидің оңтүстігіндегі Мапуче аймағында қарулы топ, орман ағашы тиелген 29 машинаны өртеп жіберді. Бұл ұйым мұндай әрекетке «байырғы үндістердің атынан бардық», дейді. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Шабуылшылар осылайша орман отаушылармен күрес жүргізіп жатыр. Дегенмен, оқиғаның нақты себебі белгісіз.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу