Чилиде орман өрті құрбандарының саны 24-ке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чилиде орман өрті құрбандарының саны 24-ке жетті

06.02.2023

Чилиде өткен аптадан бері орман өрті дес бермей жатыр. Тілсіз жау 24 адамның өмірін қиды. Мыңнан аса тұрғын жараланған. От 270 мың гектар алқапты күлге айналдырды. Ел аумағында 260 өрт ошағы тіркелген. Жалынның тез тарауына 38 градус аптап ыстық пен күшті жел себеп болып отыр. Чилиге өртпен күресуге халықаралық қауымдастықтан көмек жете бастады. Бірқатар мемлекет көмек қолын созып, ұшақтар, өрт сөндіру бригадаларын және басқа да ресурстарын жіберді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу