Ирактың оңтүстігіндегі шерушілер Иранның консулдығын өртеп жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ирактың оңтүстігіндегі шерушілер Иранның консулдығын өртеп жіберді

28.11.2019

Оқиға өткен түні болды. Кейбір бақылаушылардың ойынша, бұл шабуыл демонстранттардың Тегеранға арқа сүйеген үкіметті құлатуға беттегенін білдіреді. 

Дипломатиялық миссия қызметкерлері манифестанттар басып кіргенге дейін қауіпсіз жерге көшірілген. Әзірге құрбандар туралы мәлімет түскен жоқ.

Иракта коррупцияға, жұмыссыздыққа, шииттер билігіне, Иранның мемлекет істеріне араласуына қарсы акциялар қазанның 1-де басталды. Содан бері қауіпсіздік күштерімен арадағы қақтығыстардан кемінде 350 адам мерт болып, мыңдағаны жараланды.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу